1. Жалпы ережелер1.1. https://bizbirgemiz.kz сайтының осы Құпиялық саясаты (бұдан әрі мәтін бойынша - Саясат) https://bizbirgemiz.kz сайты және/немесе оның көшірмелерін пайдаланушылар мен клиенттердің жеке деректерін өңдеудің жалпы шарттарын айқындайды.
1.2. Сайтты пайдаланушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына, АЖ пайдалану жөніндегі Пайдаланушы келісіміне сәйкес Сайтты өз мүддесі үшін пайдалануға құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға.
1.3. “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” Қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Меншік иесі) өзгертілген мәтінді Интернетте Сайт мекенжайы бойынша орналастыру арқылы осы Саясатты біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.
1.4. Пайдаланушылар Саясатқа енгізілген өзгерістерді дербес бақылауға міндетті.
1.5. Сайтты пайдалануды бастау арқылы Пайдаланушы осы Саясаттың шарттарын ешбір ескертпелерсіз немесе ерекшеліктерсіз толық көлемде қабылдаған болып саналады. Ережелердің кез келгенімен келіспеген жағдайда, Пайдаланушының АЖ-ні пайдалануға құқығы жоқ.
1.6. Пайдаланушы осы Саясатпен келіспесе, Пайдаланушы Сайтты пайдалануды тоқтата алады.
2. Дербес деректерді өңдеу2.1. Меншік иесі Пайдаланушылардың жеке деректерін келесі мақсаттарда өңдейді:
- жеке қызметтерді және/немесе сервистерді көрсету;
- Сайтты пайдалана отырып, басқа қызметтерді және сервистерді көрсету;
2.2. Меншік иесі Пайдаланушының жеке деректерін келесі жағдайларда үшінші тарапқа бере алады:
- егер Пайдаланушы өз деректерін үшінші тарапқа беруге келісімін берсе;
- егер жеке деректерді беру қызметтерді көрсету үшін қажет болса;
- егер Пайдаланушы үшінші тарап басқаратын ақпараттық жүйедегі ақпаратқа рұқсат етілген қол жеткізу үшін АЖ тіркелгісін пайдаланса;
- беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қажет болған жағдайда.
2.3. Меншік иесі мен Пайдаланушы жеке деректердің құпиялылығын, тұтастығын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдауға міндетті.
2.4. Пайдаланушылар Сайтта жеке деректерді өңдеуге уақыт шектеуісіз мерзімге келісім береді.
2.5. Пайдаланушының жеке деректерін өңдеу Сайтта оның тіркелгісін бұғаттау және/немесе мұрағаттау жағдайында тоқтатылады.
2.6. Пайдаланушылар Сайттағы өздерінің тіркелгісі үшін парольдің сақталуын дербес қамтамасыз етуге міндетті және олардың тіркелгі парольіне немқұрайлы қарау нәтижесінде үшінші тұлғалардың жеке деректерін теріс пайдалануы түріндегі жағымсыз салдарларға жауапты болады;
2.7. Пайдаланушылар егер олар өзгерген, көрсетілген деректерді автоматты түрде жаңарту мүмкін болмаған жағдайда АЖ-де өңделген дербес деректерді жаңартуға міндетті.
3. Кері байланыс3.1. Сайтты пайдалануға қатысты барлық ұсыныстар мен сұрақтарды fund@2020bizbirgemiz.kz электронды поштасы арқылы хабарлаған жөн.